Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Ауылдың күре тамырына айналған көше

Ауылдың күре тамырына айналған көше

Әр елді мекеннің тарихымен ұштасып, жылдар бойы Айдарлы ауылының өркениетін дамытуда ерекше орын алатын күре тамырға айналған көше – Мұхтар Әуезов көшесі. Ауылдың айшықты бейнесін айқын көрсететін әсем көше бойында бірнеше әлеуметтік нысан орналасқан.

Ұзындығы 1400 метрді құрайтын көшеде білім ордасы, ауылдық әкімдік ғимараты, балабақша, мәдениет үйі, мешіт және де пайдалануға берілгеніне ұзақ уақыт болмаған спорт клубы бой көтерген. Ауылдың басқа көшелеріне қарағанда бұл М.Әуезов көшесінде күн­делікті біте қайнасып жатқан тіршілік, мек­тептен білім нәрімен сусындап шыққан оқушылардың шуылы мен әр күнде кәсібі тұралап қалмаған шағын азық-түлік дүкендері нағыз жылулықтың көрінісі. Сондай-ақ күре тамырға айналған бас көшеде 30 тұрғын үй орналасқан. Яғни 157 адам сол көше бойында күнделікті күйбең тіршілігін істеуде.

Қоғам қайрат­ке­рінің атымен атал­­ған көшенің тарихы ұшан-теңіз. М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, драматург, ғалым. Жазушының шығар­машылығы 1917 жылы екі ғашық­тың траге­диялық тағдырын жыр еткен «Еңлік-Кебек» атты пьесаны жазудан бастау алған. Мұхтар Әуезов өзінің еңбектері ар­қылы қазақ үлгісін қалып­тастырған, қа­зақ мектебінің дамуына ықпал еткен әдебиетші. Оның ғұламалық қасиеті ар­қылы әлемдік әде­биет жауһарлары қазақ тіліне аударылып, жұрт­шылыққа қолжетімді болды. Сонымен қатар жазу­шының еңбектері әлемдік тілдерге аударылып, шығар­малары бірнеше тілде жарық көрді.


Көшенің абаттандырылуы – ауылдың дамуының көрсеткіші. Тазалығына көз тоятын, жарықтандырылған көше – ауыл мәдениетінің айғағы. Көше тұтастай сапалы асфальтпен жүргізілген, жарық әрі қауіпсіз. 1500-ден аса тұрғыны бар Айдарлы ауылы ұйымшылдығымен, таза­лығымен ерекше.

Г.ТАБЫНБАЙ

07 қазан 2025 ж. 228 0