Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алкоголь өнімінің айналымы қағидасын бұзған

Алкоголь өнімінің айналымы қағидасын бұзған

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283-1-бабы 5-бөлігі бойынша құқық бұзушы Б.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Жеке кәсіпкер Б. азық-түлік дүкенінде тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарсыз барлығы 841 литр болатын 1417  дана алкоголь өнімдерін сақтаған.

Осы құқық бұзушылықты салық органы тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.

Құқық бұзушы Б. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісіп, алкоголь өнімдерін ілеспе жүк құжаттарсыз сақтағанын растады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын жалпы саны 1417 дана алкоголь өнімдері мемлекет кірісіне тәркілене отырып, 137620 теңге айыппұл салынды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
23 қыркүйек 2025 ж. 81 0