Әділдік пен даму – ел өмірінің негізі

Бұл жолғы Жолдау– еліміздің саяси өміріндегі айтулы оқиға. Мемлекетте болып жатқан ауқымды өзгерістерді көрсететін және болашаққа жаңа бағдар белгілейтін бағдарламалық құжат. Президент жаһандық өзгерістер мен әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан алға жылжуы тиіс екеніне баса назар аударды. Жолдауда атқарушы органның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету миссиясын нақты белгілеп берді. Яғни Президент ұзақмерзімді стратегияны ұсынды.
Ерекше назар аударған жайт – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы шешімі. Бұл жәй ғана жаңа құрылым емес, Қазақстанды түгел цифрландыруға көшіру, жасанды интеллектіні күнделікті өмірдің бір бөлігі болатын елге айналдыру.
Жолдауда айтылған экономикалық бағыт нақты және сенімді болды. Өнеркәсіп өсімі мен жаңа өндірістердің іске қосылуы – бұл жай сөз емес, индустрияландыру саясатының нақты айғағы. Автомобиль, тұрмыстық техника, металлургияда – жылдар бойы өсім болмаса, енді қарқынды дамитын салаға айналады. Бұл Қазақстанға жаңа индустриялық негіз қалыптастырады.
Президент айтқан Парламентті реформалау және бір палаталы жүйеге көшу туралы ұсыныс ерекше назар аударуға тұрарлық. Қасым-Жомарт Тоқаев мәселе тек референдум арқылы шешілуі тиіс екенін атап өтті.
Биылғы Жолдау жәй уәде емес, еліміздің сын-қатерлерге төтеп бере алатынына және алға жылжуына сенім бар. Президент болашақ туралы арманмен емес, бүгіннен бастап жасауға болатын әрекет ретінде айтады. Қазақстан жаңа кезеңге аяқ басты.
Президент Жолдауының басты мақсаты – қуатты, әділ және технологиялық Қазақстанды құруға қол жеткізуге бағытталған. Президенттің ұсынған бастамасы әлеуметтік теңдік пен экономикалық тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізетіні анық. Біздің міндетіміз – Жолдауда айтылған бағдарға қол жеткізу үшін белгіленген мақсаттарды белсенді қолдау және іске асыру.
Динара ИБАДУЛЛАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты