Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әке мен қызының арасындағы жанжал татуласу арқылы шешілді

Әке мен қызының арасындағы жанжал татуласу арқылы шешілді

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігімен азамат П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат П.  жәбірленуші О.-ға былапыт сөйлеп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында құқық бұзушы П. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші О. сот отырысына дейін жазбаша арызданып, арызында әкесіне кешірім беретінін көрсетіп, істі өзінің қатысуынсыз қарауды, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы П. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды және 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
10 шілде 2025 ж. 288 0