Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Ару ана» – сахна төрінде

«Ару ана» – сахна төрінде

«Әжелі үй кәделі, балалы үй мәуелі» деген. Ардақты әжелер қашан да тек отбасының емес, қоғамның жанашыры. Әсем әуенімен жүректі тербеп, кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген «Ару ана» әжелер ансамблінің концертіне жақында куә болдық.

Тереңөзек кент клубы үйі жанынан құрылған «Ару ана» әжелер ансамблі көп­шілікке шығармашылық кеш ұсынды. Зал тола қонақтардың ризашылығы мен ықыласынан әжелер өнеріне деген сүйіс­пеншілік айқын көрініп тұрды. Сазды әуенге толы кешке өнерсүйер қауым қатысты.

«Ару ана» әжелер ансамблі осыдан 12 жыл бұрын Тереңөзек кенті клубы жанынан құрылған. Ансамбль құрамында 14 өнерлі ана бар. Бұған дейін аудандық, облыстық деңгейдегі сан түрлі байқаудан жүлделі орын­мен оралып, өнер көгінде еркін самғап келе жатқан ансамбль көрерменнің көзайы­мына айналып үл­гер­ді деуге болады. Ансамбль­дің алғашқы құрылған жылдарынан бастап ан­самбль құрамын­да өнер көрсетіп, өлшеулі өмір­ден бақилық болған ана­ларымыз сол өнері арқылы кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, қазақ қызына, қазақ келі­ніне лайықты ибалы, ина­батты болуды үйретті. Өмір ағымы бір орнында тұрмасы белгілі, кезінде ансамбль құрамында өнер көр­сеткен аналарымыз еш­­қа­шан ұмытылмақ емес. Қазіргі таңда «Ару ана» әжелер ансамблінде аналары­мыздың өнерін ар­­дақ­ты аналар жалғастырып келеді.

Әдемі әуезге толы, сазды кешке қатысқан қонақтар сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Ең алдымен мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Балшекер Өтегенова, Ұлмекен Жаналиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева сөз сөйлеп, сахна шымылдығын түрді. Одан кейін білім саласы ардагері Гүлбар Әбілқызы, «АМАNАТ» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, мәдениет және білім саласының ардагері Жантемір Айсин, «Ару ана» әжелер ансамблінің құрылуына және өнерлеріне үлес қосқан Рүстембек Мыңтайұлы, Тереңөзек кенті әкімі аппараты қызметкері Арайлым Аманжолқызы ардақты аналарға жылы лебіздерін арнады.

– Әже – ұлттық тәрбие ұйытқысы. Өйткені ұлттық тәрбиенің көзі – отбасы екені белгілі. Әжелеріміз келешек ұрпаққа қазақтың ұлт­тық құндылықтарын дәріптеп келеді. Сондай-ақ төл өнерді төрге оздырып, ұлттық құн­дылығымызды насихаттаудан танған емес. «Ару ана» тобының әрбір мүшесі – өмірлік тәжіри­бесі мол, өнерге адал берілген тұлғалар. Олар ауданның мәдени өмірінің өркендеуіне зор үлес қосып, сахна арқылы жұртшылыққа рухани қуат сыйлап келеді. Осындай еңбекті отансүйгіштіктің үлгісі деуге әбден болады. Өнер жолын өмірінің басты мақсаты еткен ардақты әжелерімізге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, отбасына бақ-береке және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз! – деген Анар Сраждинқызы «Ару ана» ансамбліне аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Алғыс хатын табыс етті.

Өз кезегінде әжелерге ақ тілегін арнаған «АМАNАТ» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы партия филиалының Алғыс хатын жеткізсе, Тереңөзек кенті әкімі аппараты қызметкері Арайлым Аманжолқызы кент әкімінің арнайы құттықтауын әжелерге оқып берді.

– Атағы тек жақсы жағынан шыққан бере­келі ауылымыздағы «Ару ана» ансамблі­нің құрылып, үлкен сахнада өнер көрсетіп жүр­геніне биыл 12 жыл толып отыр. Бұл айтулы белес – ортақ қуаныш, ортақ мерейтой. Ауыл­дың өнерін өрістетіп, мәдениетін биіктетіп жүрген ансамбльдің атқарған жұмысы мен сіңірген еңбегі көпке үлгі-өнеге. Талай бәй­геде топ жарған, көршілес облыстарды да мойындатқан әжелердің жетістігі ауылдың да даңқын асқақтатуда. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыруға дайын әжелерге әр­кез қолдау көрсетіп келе жатқан жандарға алғысымызды білдіреміз. Оның ішінде «Ару ана» әжелер ансамблінің қазақы нақыштағы әдемі киімдер тарту етіп, демеушілік жасаған өнер жана­шырлары «Қы­зыл­дихан» шар­уа қожалығы төр­­а­ғасы Алда­бер­ген Құлбаев жә­не «Жарбол» шар­уа қо­жалығы төр­­ағасы Жарбол Ешмахановқа ри­за­шылығымыз­ды білдіреміз. Алда­ғы уақытта ме­рекелік концерт бағ­дар­­­ла­масымен ауданға қарасты бар­лық ауылда өнер көр­сетуді жоспар­лап отыр­­мыз, – дей­ді Тереңөзек кенті клубының дирек­торы Еркін Әбдіреев.


Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ


16 қыркүйек 2025 ж. 142 0