Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жердің сәні – егінмен

Жердің сәні – егінмен

Үнемі өз білгенінен жаңылмайтын ауыл шаруашылығы саласының майталманы Марат Бисенов егін маусымында егістік басынан табылады. Жердің күтімінен бастап, дәнді-дақылдың дұрыс орналасуына дейін өзі бақылайтын білікті басшы техниканың үздіксіз жүріп тұруына аса мән береді. Қазіргі уақытта «Ақжарма-2» шаруа қожалығында егінге орақ түсіп, өнімді жинауда диқандар ыждағаттылық танытуда.

Биыл «Ақжарма-2» шаруа қожалы­ғының мамандары 1062 гектар алқапқа күріш егіп, күтіміне көңіл бөлді. Көк­тем мен жаз мезгілінде 6 өндіріс бригадасында қыруар тіршілік бір сәтке тоқтаған емес. Осы күні күрішші Төлебай Қошманов пен Мақсат Қалыбайұлы өздеріне белгіленген жерді тәмамдап, үздік нәтиже шығар сәтті күтуде. Сыр салы­сынан бөлек, диқандар 202 гектар ескі жоңышқа, 151 гектар бидай аралас жаңа жоңышқа еккен.

– Жер – анамыз. Ол бізге бәрін береді. Бірақ жер тек еңбек еткенге ғана береді. Жерді білмей, оны құрметтемей, өнім алу мүмкін емес. Бұл жолда диқан қауым оңайшылықпен жүрген жоқ. Таңның атысынан күннің батысына дейін күріш алқабында жүріп, әр сабақты баптаған, әр тамшы суды есептеген мамандардың еңбегі зор. Себебі күріш – ерекше күтімді қажет ететін дақыл. Ол – төзімділікті, жауапкершілікті, асқан ыждағаттылықты талап етеді. Біз егін еккенде, тек дән емес, үміт те егеміз. Сол үміт көктеп, алтын масаққа айнал­ғанда, еңбегіміздің жемісін көреміз. Бұл – нағыз бақыт. Еңбек адамының бақыты – маңдай термен келген нанды жеу, елге пайдасын тигізу. Жақында ауыл ақсақалдарының батасын алып, егінге орақ түсу рәсімін бастадық. Оған «AMANAT» партиясы Сырдария аудан­дық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, ауыл әкімі Ерлан Ешмұратов қатысты. Диқан қауымның көңілі жай болуы үшін қытымыр қыстың салқыны біліне бастаған уақытқа дейін дамыл көрмесіміз анық, – деді Марат Бисенов.

Бүгінде «Ақжарма-2» шаруа қожа­лығында 90 адам жұмыс жасайды. Заманауи үлгідегі комбайн, трактор, жатка, тасымалдау көлігі секілді 40 тех­ника шаруашылықтың қажетіне жарап тұр.


Б.АЯБЕКҰЛЫ


16 қыркүйек 2025 ж. 164 0