Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Адам папиллома вирусының қауіптілігі

Адам папиллома вирусының қауіптілігі

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Гүлсім Пернебайқызы қауіпті ауру түрінен сақтану жолдарын айтты. 

– Адам папиллома вирусы (АПВ) – теріні және дененің әр түрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытумен қауіпті. Бүгінгі таңда, АПВ емдеу жолы болмаса да, алдын алудың бірден бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыру себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Олардың ішінде, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдері де бар. Елімізде 2024 жылдың күз мезгілінен бастап 11 жастағы қыз балаларды ауруға қарсы вакцинациялау жүргізілуде және АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде жасалады. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен және дәрігердің жіті тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Вакцина дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі, – дейді сала маманы.
25 шілде 2025 ж. 238 0