Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№14 газет

22 ақпан 2025 ж.

№13 газет

18 ақпан 2025 ж.

№12 газет

15 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » «Адам папиллома вирусы» тақырыбында брифинг өтті

«Адам папиллома вирусы» тақырыбында брифинг өтті

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Адам папиллома вирусы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингті басқарманың бөлім басшысы Данияр Балтабаев өткізді. Брифингке сала мамандары мен БАҚ өкілі қатысты.

Адам папиллома вирусы ең қауіптілігі жоғары түрі. Осы вирус туралы еліміздегі ахуал жайлы бөлім басшысы баяндап берді.

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздарға жоспарлы түрде вакцинация жүргізілуде. Сондай-ақ, 12-13 жас аралығындағы қыздарға иммундау жасалады. Бұл маңызды іс-шара елімізде қауіпті инфекцияның таралуын және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған. Екпе жұмысы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі. Жатыр мойны обыры Қазақстанда барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің екінші қауіпті түрі және жиілігі бойынша 25-тен 44 жасқа дейінгі әйелдер өлімінің екінші себебі болып саналады. Жыл сайын елімізде осы аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ жұқтыру болып табылатынын дәлелдеді. АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады. Әйелдердің арасында АПВ таралуы бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында 90% -ға төмендеген.
Осындай ақпаратпен бөлісіп, жұртшылықты вирустың алдын алу керек екендігіне көз жеткізді.
20 ақпан 2025 ж. 57 0