Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақ болыңыз: Адам папиллома вирусы

Сақ болыңыз: Адам папиллома вирусы

Денсаулық – адамзат баласының басты байлығы, баға жетпес асыл қазынасы. Бүгінде қатерлі ісік аурулары, оның ішінде жатыр мойыны обыры белең алып келеді. Қатерлі дертті тудырушы негізгі фактор – адам папиллома вирусы. Осы орайда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Құралай Омарова баспасөз конференциясын өткізді.

Брифингтің мақсаты – адам папилломасы вирусының алдын алу, вирусқа қарсы вакцинацияның маңыз­­дылығы. Бүкіл әлемде кең таралған вирустың 190-нан астам түрі белгілі, олардың кем дегенде 13 түрі қатерлі ісіктің дамуына әкеледі. Қазіргі таңда адам папилломасы вирусының емі жоқ, алдын алудың бірден-бір әдісі – вакцинация.

– Адам папиллома вирусы – адам терісін және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытумен қауіпті. Бүгінгі таңда, адам папилломасы вирусын емдеу жолы болмаса да, алдын алудың бірден-бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің адам папилломасы вирусы инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Олардың ішінде, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдері де бар. Елімізде биылғы жылдың күз мезгілінен бастап 11 жастағы қыз балаларды ауруға қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Және адам папилломасы вирусына қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде жасалады. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрі­гер­дің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен және дәрігердің жіті тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Вакцина дельта тәрізді иық бұл­шықет ішіне енгізіледі, – дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Құралай Омарова.

Бүгінгі таңда аудан бойынша адам папилломасы вирусына қарсы 94 қыз баласы екпемен қамтылды. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табатын болады.

Таңшолпан ШАНЖАРХАНОВА
Фото: ашық дереккөзден
29 қазан 2024 ж. 148 0