5 мыңнан аса қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы екпе алды

Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 5310 жасөспірім қыздар АПВ екпесін алды, оның ішінде 11 жастағы қыз балалар-2264, 12 жаста-1518 қыз және 13 жастағы қыздар-1528. Сырдария ауданы бойынша 158 жасөспірім қыздар АПВ екпесін алды. Вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. АПВ вакцинасы 6 айлық аралық пен екі рет егіледі.
Адам папиллома вирусының 200-ден астам түрі бар. Оның кем дегенде 14-і жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралуы мүмкін және 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақбасқа да қатерліісіктердітудыруымүмкін. Жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусын емдеудің тиімді әдісі – осы вирусқа қарсы вакцина салдыру екені қазір ғылыми дәлелденген. Жатыр мойны обыры-алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі.
Қолданылатын вакцина – АҚШ-та жасалған «Гардасил». Вакцина қауіпсіз және вирустың ДНҚ-сы жоқ. Аллергиялық реакциялардың ықтималдығы минимал¬ды. Жүргізілген зерттеулер бойынша, вакцина 10 жылдың ішінде әсерін жоғалтпайды және жыл сайын егу қа¬жеттілігі жоқ. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға қыздардың ден¬саулығы мен болашағы үшін оларға екпе салдыртуға кеңес береді.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ