Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцинация – жұқпалы аурулардың жаппай алдын-алудың ең қолайлы әдісі

Вакцинация – жұқпалы аурулардың жаппай алдын-алудың ең қолайлы әдісі

Екпе – бала күтіміндегі ең маңызды сұрақтардың бірі. Өкінішке орай, ата-аналардың көпшілігі қандай ауруларды алдын-алуға болатынын, сонымен қатар, қашан және қай уақытта жоспарлы екпені алуға болатынын білмейді. Осыған байланысты жоспарлы екпенің уақыты жақындаған кезде ата-аналардың екпенің қауіпсіздігі туралы қорқыныштары пайда болады. Екпе алу арқылы адам ағзасында кейбір ауруларға деген жасанды иммунитет пайда болады.

Қазақстан Республикасында халықаралық алдын алу екпелерінің күнтізбесі бар. Бұл құжатта екпенің түрі мен егілу уақыты нақтыланған. Екпе алу уақыты бала ағзасының иммундық жауабының толық жүзеге асырылу мүмкіндігіне байланысты. Екпе күнтізбесіндегі барлық екпелер ақысыз түрде жүргізіледі. Вакцинация – балалар мен халықты көптеген жұқпалы аурулардан қорғайтын ең тиімді жол. Вакцина инфекциямен қатынаста болған кезде микроорганизмдердің дамуына тосқауыл болатын қорғаныш антиденелерді шығарады. Сол кезде ауырған жағдайдың өзінде, ауру жеңіл түрде өтеді. Вакцинация арқылы әр түрлі инфекциялық аурулардың санын азайтуға, ал кейбір ауруларды мүлдем жоюға болады.

Адам папиллома вирусы (АПВ) – теріні және дененің әр түрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытумен қауіпті. Бүгінгі таңда, АПВ емдеу жолы болмаса да, алдын алудың бірден бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыру себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Олардың ішінде, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдері де бар. Елімізде 2024 жылдың күз мезгілінен бастап 11 жастағы қыз балаларды ауруға қарсы вакцинациялау жүргізілуде және АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде жасалады. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен және дәрігердің жіті тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Вакцина дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі.

Бүгінгі таңда аудан бойынша АПВ-на қарсы 126 қыз баласы екпемен қамтылды, бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табады.


Данияр БАЛТАБАЕВ ,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы
 
Фото: naryntany.kz
25 қараша 2024 ж. 85 0