Зергерлік бұйымдарыңыз жаңа тәрізді жарқырап тұрсын десеңіз...
Зергерлік бұйымдар қыздың сәнін келтіріп, сымбатына көрік береді. Сұлулық санатында алар орны сондай, кейде, әшекей бұйымдарсыз онша көрінбей қалатын тәріздіміз. Тіпті, кірлеп, қарайып тұрғанда сәні де, мәні де кетеді. Сондықтан, зергерлік бұйымыңыз судай жаңа көрініп, жарқырап тұрсын десеңіз мына тәсілді пайдаланып көруге кеңес береміз!
Ол үшін:
- 1 ас қасық тұз
- 1 ас қасық ас содасы
- 1 ас қасық ыдыс жууға арналған құрал
- 1 стакан су
- Альюмин фольганың 1 бөлігі
- Микротолқынды пеште 1-2 минут суды қыздырып алыңыз.
- Фольганың бір бөлігін алып, стаканның түбіне салып қойыңыз.
- Кейін ыстық суды стақанға құйып аласыз. Содан соң 1 ас қасық тұз, ас содасын, ыдыс жууға арналған құралды құйып , суға қосыңыз. Зергерлік бұйымдарды стакан ішіне салып, 5-10 минутқа қоя тұрыңыз.
- Судан алғаннан соң зергерлік бұйымдарды қоңыр салқын суда жуып алып, жұмсақ матамен жақсылап сүрту қажет.
Іске сәт!
Біз ұсынған кеңестер пайдаңызға жарар деген ниеттеміз
Пікір 1