Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СУЫҚ ТИГЕНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК.

СУЫҚ ТИГЕНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК.


Суық тигеннен жөтел және түрлі аурулар пайда болып жатады. Егер сізді жөтел қатты қысса, ыстық сүтке бір шай қасық бал салып ішіңіз. Ал жас балаларға інжірдің тұнбасын сүтпен ішкізген пайдалы. 

Ангина басталып келе жатқанда жарты лимонды қабығымен қоса асықпай шайнау керек. Бұдан соң бір сағат бойы лимон қышқылы тамақтың шырышты қабатына әсер ету үшін ештеңе жемеу керек. 

Салқын тиіп, жөтел пайда болса, көкірегіңізді құрғақ шүберекпен сүртіп, ерітілген (топленного) май жағыңыз, егер қайың майы болса, оны қосып жаққаныңыз жөн. Төменде жөтелге қарсы түрлі тұнбаларды ішуді ұсынамыз. 

* 10 шақты ұсақтап туралған бадана мен 1 бас сарымсақты жұмсарғанша табиғи сүтке қайнатып, азғантай бал мен жалбыз қосыңыз. Қабылдау мөлшері: күніне бір мезгіл ас қасық. 

* 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық бидай ұны, 2 шай қасық таза балды 2 ас қасық табиғи маймен араластырып, күніне бірнеше рет бір шай қасықтан ішіңіз. 

* Тұрын (редька) немесе сәбіз шырыны мен сүтті бірдей мөлшерде алып, балмен араластырып, күніне алты рет 1 ас қасықтан ішіңіз. 

* 1 тұрынға 10 грамм бал қосып қойып, 12 сағаттан соң пайдалануға болады. Қабылдау мөлшері: күніне 4-5 рет 1 шай қасықтан. 

* 2 ас қасық май, 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық ұн, 2 шай қасық балды араластырып, күніне 3-5 рет тамақтанар алдында қолдану керек. 

Жөтел қысып, мазаңызды алса, мынадай ерітінділермен тамағыңызды шайыңыз: 

* Шалқанның қайнатылған шырынын қант немесе балмен (бал қолдану дұрысырақ) қосып шайыңыз. 

* 1 стакан жылы суға 1 шай қасық тұз, жарты шай қасық ас содасы, 2-3 тамшы йодты қосып шайыңыз. 

* Мүк жидек (клюква) шырынын сүтпен қосыңыз. 

* Қызылша шырынымен шаю үшін оны ұсақ үккіштен өткізіп, шырынын бөліп алып, 1 стакан шырынға 1 шай қасық асханалық сірке суын қосып, күніне 5-6 рет шайыңыз. 

* 100 грамм ұсақталып туралған сарымсаққа 100 мл. қайнаған су құйып, аузын мықтап жауып, 5-6 сағат бөлме температурасында суытып қолданыңыз. 

* 1 стакан қайнаған суға жолжелкеннің (подорожник) 4 құрғақ немесе жас жапырағын салып, жарты сағаттан соң қолдануға болады. Бұл тұнбамен сағат сайын тамағыңызды шайыңыз.
30 наурыз 2018 ж. 5 671 1

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 01:32
Cialis Anwendung Dosierung viagra belgique Cialis Gсђс–сѓвВВnstig Kaufen 40mg