Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Биімен шуақ шашқан –Балаусаның Дубайға жолдамасы

Биімен шуақ шашқан –Балаусаның Дубайға жолдамасы

Би.... Бұл – үлкен өнер. Ал үлкен өнерді тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түйсінетіні ақиқат. Егерде біз, халқымыздың тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық  өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Қазіргі таңда танымал бишілеріміздің ізін жалғастыруда аудандық мәдениет үйі жанындағы «Балауса» халықтық би ансамблі бишілерінің еңбегі  ерекше. Би өнерін жанына серік еткен бишілеріміз талай шыңдарды  бағындырып келеді.  Би ансамблінің балетмейстрі Ақмарал Пернебаева , хореограф Таңшолпан Құдабаева.
         
Аталмыш ұжым ағымдағы 2025 жылдың 27 наурызда  Қызылорда қаласында өткен Республикалық ІІІ «JasSTAR» балалар, жасөспірімдер және жастар фестиваль –конкурсында би ансамблінің үлкен топ өнерпаздары  «Кесте» биімен  қатысқан «Балауса» халықтық би ұжымы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Бас жүлде, ұжымның кіші топ өнерпаздары «Заманауи» биімен қатысып, Бас жүлде иеленіп, аудан мерейін үстем етіп шетелге жолдама алды.

Өнерлі  бишілерімізге  шығармашылық табыс тілей отырып, алар асуларыңыз  көп  болсын  демекпіз. «Өнер –өшпес мұра».
                                                                


Г. Сәрсенбаева Сырдария аудандық
Мәдениет үйінің әдіскері
31 наурыз 2025 ж. 116 0