Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ынтымағы жарасқан асқар ауылы

Ынтымағы жарасқан асқар ауылы

Кезінде ауыл болып қалыптасып, колхозға ұйымдасып, одан совхоз аталып, іргелі шаруашылыққа айналған ел – қазіргі Асқар Тоқмағамбетов ауылы. Кезінде ХVІІІ партсъезд атындағы совхоз шаруашылығы өркендеу кезінде осы ауылдың 10 қызы алғаш рет күрішші-жастар бригадасын құрып, еселі еңбек үлгісін көрсетіп, ауданға, облысқа, республикаға «18-дің 10 қызы» деген атпен танымал болған.

Ауыл тарихына зер салсақ, 1929-1950 жылдары аралығында сол жер­­­де қаңлылардың «Майлықұм» де­­ген колхозы болған. 1950 жы­лы «Бидайкөл», «Майлықұм», «Қы­зыл­орақ» колхоздары ұйым­дас­ты­­рылып, 1962 жылдан бастап «Пар­тияның ХVІІІ съезі атындағы» сов­­хоз болды. Совхоз – дарияның оң жа­ғалауындағы шаруашылықтардың ішін­де жер көлемі жағынан да, өндірістік көлемі жағынан да ең ірі шаруашылық. Су жолдары мол, солтүстік шығыстан батысқа қарай «Қараөзек» дариясы, оңтүстігінде «Сырдария» өзені, ауылдың қақ ортасынан ауданаралық «Әйтек» су магистралі жарып өтеді. Ішкі «Елтай», «Айжан кеткен», «Бозарал», «Қаракөл», «Бекжан арық» сияқты жармалар барынша сулы, шырайлы жерлерді басып өтеді де, егістік, жайылымдық жерді суғаруына мүмкіндік береді.

Бүгінде ауыл қойнауына құт қонып, бақ дарыған ақиық ақын, қазақ сатирасының сардары Асқар Тоқмағамбетовтің есімімен аталады. Адал еңбекті сүйетін халқы мен ғасырлар қойнауынан сыр шертетін сырлы шежіресі бар шағын ауыл бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Жаңаша бағытта өркендеп келетін мекенде 299 отбасында 1500-ден астам тұрғын бар. Әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда тұрған мақсат-міндеті жүйелі ауылда 750-ге жуық экономикалық белсенді халық тұрады. Орта мектеп, ауылдық клуб, дәрігерлік амбулатория, балабақша, кітапхана, ветеринарлық станция мен Қазпошта бөлімшелері халыққа қызмет етеді. Кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық берген ауылдық округте 161 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Ауылда 3 тыл ардагері, 176 зейнеткер, 63 мүмкіндігі шектеулі азамат, 18 «Алтын алқа» және 22 «Күміс алқа» иелері бар.

– Ауылдық округ бойынша тір­келген жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі мен шаруа қожа­лық­тарының дені егін шаруа­шылығымен айналысады. Былтырғы жылы 1407 гектарға күріш, 5 гектар жерге жаңа жоңышқа, 182 гектарға ескі жоңышқа екті. Сонымен қатар 11 гектар қауын-қарбыз, 26 гектар картоп және 5 гектар көкөніс егілді. 51 жеке кәсіпкер түрлі кәсіппен айналысады. «ҚазАгроқаржы» бағ­дарламасымен «Дружба», «Шуақ» шаруа қожалықтары техника сатып алуға жоба дайындап, қар­жы­ландырылды. «Ақтұмар» шаруа қожалығы «Бірыңғай кешенді» бағ­дармасымен жылқы мал басын көбейтуге, «Мырзабек» шаруа қожалығы «Кең дала» бағдарламасы бойынша тыңайтқыш пен тұқым алуға несие алып, шаруасын жүргізді, – дейді ауылдық округ әкімі Ғабдолла Алданазаров.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіп­керлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 4 адам қол жеткізген. Олардың қатарында көп балалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Грант иеленгендер мал басын көбейтуге және сүт өнімін өндіруге 1 476 800 теңге қаржымен кәсібін бастауға мүмкіндік алған.

Асқарлықтар үшін өткен жыл елді мекенді газдандырумен ерекше есте қалды. Бүгінде газдандыру 90 пайызға жеткен. Табиғи отынмен қамтамасыз ету бойынша тұрғындар жайлы өмір сүру бақыты бұйырғанына дән риза.

Биылғы жылы атқарылатын ауқымды жұмыстардың қатарында ауылдағы Ш.Ташимов, Қызылорақ, Бидайкөл көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары күтіп тұр. Сондай-ақ елді мекендегі электр желісін толығымен ауыстыруға жоба құжаттары әзір­ленуде.

Кезінде аудан бойынша 100 пайыз тәулік бойы ауызсумен қамтамасыз етілген алғашқы ауыл атанған мекенде тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі оңтайлы жолға қойылған. Асқар Тоқмағамбетов ауы­лы – әлеуеті өскен, жаңа нысандар бой түзеген, ынтымағы жарасқан іргелі ауылға айналып отыр.

Бибісара ЖАНӘЛІ

23 наурыз 2025 ж. 122 0