ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН
Биыл ауданның құрылғанына 90 жыл. Елі ырысты, жері күрішті мекеннің бүгінгідей жетістікке жетіп, торқалы тойды тойлауына кезінде уақытпен санаспай еңбек еткен адамдардың қосқан үлесі мол. Олардың қажыр-қайратының, тынымсыз жұмысының нәтижесінде бүгінгі таңда Сырдария ауданында серпінді істер көп. Сол себепті де жас ұрпақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысқан жандарға әрқашан құрмет көрсетуі тиіс. Міне, солардың бірі асқарлық қария – Жақсылық Жәрекеев.
Бұғанасы еңбекпен қатайып, маңдай тер жұмысымен мерейлі болған қария қазіргі таңда 85 жаста. Ол 1933 жылдың 4 қаңтарында бұрынғы Тереңөзек ауданы Майлықұм колхозында дүниеге келген. Жақсылық – Жүністің тұңғышы. Одан кейін інісі Бақтыбай бар. Екі ағайындының әкесі зұлматты жылдары жау шебіне аттанып, ол жақтан оралмаған. Қос ұлдың үлкені Жақсылық Майлықұмдағы 7 жылдық мектепте білім алып, одан кейін аудан орталығындағы Калинин атындағы білім ошағында 10 сыныпты бітіреді. Мектепті тәмамдаған соң ол гидротехник мамандығын игеру үшін Қызылордадағы техникумда оқиды. Содан соң Гоголь атындағы педагогикалық институттың «Математика» факультетіне түскен. Алайда, қысқы емтихан кезінде сырқаттанып, ауылға академиялық демалыс алып келеді. Бұл кезде Майлықұм, Бидайкөл, Қызылорақ және ХҮІІІ партсъезд колхозы біріктіріліп, совхоз болған. Совхозға Уәлибек Әбдуов директор болып тағайындалған. Осы кезде сырқатынан айыққан жас жігіт оқуын жалғастырмай еңбекке араласады. Директорға көмекші болып, ол кісінің қарамағында 8 жыл кеңседе қызмет жасайды.
1962 жылы совхоз жұмысшылары облыс орталығындағы ЦКЗ-ны (целлюлозды картон зауыты) қамыспен қамту үшін жұмыс жасады. Ол үшін осы совхоз зауытқа шикізат дайындауға бекітіліп, жұмысшылар жаппай қамыс орды. Бұл жұмыстарға Жақсылық Жүнісұлы жауапты ретінде бекітілген. Дегенмен, картон зауыты орылған қамысты игере алмайды. Совхоз еңбеккерлері қосымша күріш егумен айналысқан. Ата кәсіпке бет бұрған сәтте қаладан зат тасып, экспедиторлық қызмет атқарған Ж.Жәрекеев бригадир болады. Совхозда 4 бригада жұмыс жасаса, 3-ші бригадаға бригадир болған тәжірибелі маман мол өнім алу бағытында жұмыс жасайды. Үшінші бригадаға тиесілі 550 гектар жерге Сыр салысын егіп, қарамағындағы 35-40 адаммен үйлесімді жұмыс атқарған. «Қарабауыр», «Мамық» деген (қазіргі 9 бекет жақ) жерден 150 гектар жерге күріш егіп, «Әйтектен» мотормен су тартқан. Атыздыққа су жеткізіп, мол өнім алуды қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, «Он сегіздің он қызы» атанған күрішші-механизатор қыз-келіншектер бригадирдің қол астында еңбек етіп, «Қызылтамырда» Сыр дақылын өсірген.
17 жыл бригадир болған Ж.Жәрекеев бригадасы алғашқы жылдары әр гектардан 20 центнерден өнім алса, кейіннен жыл сайын орта өнім 55-60 центнерге дейін жетіп, қамба қызылға толған. Мұндай нәтижеге жетуде диқандар Мамай Уәйісов, Камал Тағаев, Қожанияз Омаров, Шәртай Ерімбетова, Жамал Ысқақова және басқалардың еңбегі зор. Тіптен, әр гектардан 102 центнерден өнім алған Пазылбек Есімов «Ленин» орденін омырауына таққан.
Еліміз егемендікке қол жеткізгенде «Тұрғын үй-91» бағдарламасы іске асып, ауылда арқалас үйлер салына бастады. Сол уақытта тәжірибелі бригадирге совхоз директоры Сейілбек Асқаров сенім артып, құрылыс заттарына жауапты ретінде совхоздың шаруашылық меңгерушісі етіп тағайындайды. Жалпы, шаруашылықта 40 жылдан аса уақыт жұмыс істеген тәжірибелі маман, білікті басшы 1994 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.
Кейіпкерімізбен әңгімелесу үстінде костюмінен көптеген жылдардағы жемісті еңбегі үшін берілген орден, медальдарды көрдік. Атап айтқанда, «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін», Ұлы Жеңістің 65, 70 жылдық мерекелік медалі, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің социалистік жарыстағы үздігі», тоғызыншы бесжылдықтың екпіндісі және басқа да төсбелгілер қажырлы еңбектің еленгенін білдіріп тұр.
Өмірі еңбекпен өрілген жан 1 ұл, 5 қызды тәрбиелеп, өсірді. Жалғыз ұлы Ғабит Жүнісов комсомол комитетінің хатшысы болып тұрғанда жол апатынан қаза тапқан. Оның жұбайы Ләззат артында қалған үш ұлды тәрбиелеп, қазіргі таңда үлкені Руслан облыстық ішкі істер басқармасында, ортаншы ұл Еркебұлан электрик, кенже ұл Өміржан Батыс Қазақстан облысында әскери қызметте екенін білдік. Ал Жақсылық Жүнісұлының үлкен қызы Гүлжамал Шағанда шаруашылықтың есепшісі, Ләззат Ақтөбеде дәрігер. Ғазиза облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы, Ғалия ауылда бас есепшісі қызметтерін атқарып жүрсе, кіші қызы Индира өз кәсібімен айналысуда. Бүгінде өмірі өнегелі қария осы ұл-қыздан өрбіген немере-шөбере қызығын көріп келеді.
– Биыл ауданның құрылғанына 90 жыл толып отыр. Кезінде осы ауданның өркендеуі жолында көптеген кісі маңдай терін төгіп, еңбек еткен. Олардың салған жолымен үрдісті істі жалғап, ата кәсіпті дамытуға үлес қостық. Соның нәтижесінде ауылдар гүлдене бастады. Тұрмыс түзеліп, дарияны бойлаған аудан ажары айшықталды. Қазіргі таңда Сырдария ауданы облыстағы алдыңғы қатарлы ауданға айналған. Оның 90 жылдық торқалы тойы бәрімізге үлкен қуаныш. Мереке құтты болсын, – деді 85-ке келген құрметті қария.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ,
журналист,
Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Пікір 2