Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕРІ БАЙДЫҢ – ЕЛІ БАЙ

ЖЕРІ БАЙДЫҢ – ЕЛІ БАЙ


Қаракөл – көл. Дариялық Тақыр жазығының оңтүстік-батысында, Қараөзек тарамының бойында.
Қарақасқа – қыстау. Жаңадария өзенінің аңғарында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Өсімдігі өте сирек, қарайып жататын жер болғандықтан берілген атау.
Қарамола – артезиандық құдық. Дариялық Тақыр жазығының солтүстік-шығыс бөлігінде. «Қалың мола» мағынасындағы атау.
Қаязды – көл атауы. Сырдария ауданы жерінде, Жалағаш кентінен солтүстікке қарай 22 км жерде, Сырдарияның тармағы – Қараөзектің аңғары бойында теңіз деңгейінен 50,3 м жоғарыда жатыр. Аумағы – 2,3 шаршы км, ұзындығы – 2,9 км, ені – 1,3 км, ең терең жері – 5,0 м, суының көлемі – 12,4 млн. текше метр. Көлде қамыс, қоға көп өскен, әсіресе, оңтүстігі ну тоғай. Жаз айларында су деңгейі түскен кезде көлдің шығысы мен батысы екіге бөлініп қалады.
Қоғалыкөл – ауыл, ауылдық округ орталығы. Тереңөзек кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, сарсазан, қамыс, құрақ, т.б. шөптесін өскен Сырдария аңғарының бозғылт сұр, шалғынды сұр топырақты шөлдік белдемінде орналасқан. 1957-72 жылдары Октябрь ұжымшарының, 1972-95 жылдары күріш өсіретін Жамбыл кеңшарының орталығы болып келді. Көл маңында қоға көп өсетін болғандықтан қойылған атау.
Қожақазған – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Жаңадария өзенінің аңғарында.
Қоныстөбе – төбе. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 134 м. «Маңына жылда ел қонатын төбе» мәніндегі атау.
Қосқақ – артезиандық құдық. Арысқұм құмының солтүстігінде. Ғ.Қоңқашбаевтың айтуынша, қақ – «көктемгі жаңбырдың суының не қар ерігеннен пайда болған су негізінде тоқтаған кішігірім көлшіктер».
Қосқұдық – құдық. Арысқұм құмының батыс бөлігінде.
Құламбай – құдық. Дариялық тақыр жазығының солтүстік-шығыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Қызқұдық – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Тереңдігі – 5 м, шығымы – 150 л/с.
Қызылқия – қоныс. Арысқұм құмының солтүстік-батысында. Бұл қиялау жердің топырағы жоса сияқты қызарып жатқандықтан осылай аталса керек.
Қылы – артезиандық құдық. Арысқұмның оңтүстік-шығыс бөлігінде. «Қылы – екі алапты қосып тұрған ені тар, қысталаң жер, қылта» (ҚТТС).
Лайкөл – көл. Дариялық Тақыр жазығының оңтүстік-батысында, Қараөзек тарамының бойында.
Майжарма – канал. Тереңөзек кентінің ортасымен ағады. 1939-40 жылдары қазылған. Ұзындығы – 20 км. бастауын Сырдария өзенінен алып, бірнеше тармақтарға бөлінеді. Тереңдігі – 2 м, 1-6 м. Канал суы Тереңөзек кенті шаруашылықтарына және егістік алқаптарды суару үшін пайдаланылады.
Майлықұм – темір жол бекеті. Тереңөзек кентінен шығысқа қарай 8 км жерде.
Мақсұт – құдық. Жаңадария өзенінің аңғарында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Масақұдық – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Тереңдігі – 6 м, шығымы – 220 л/с.
Мәлібаев – ауыл, Тереңөзек кенттік округі құрамында. Тереңөзек кентінен батысқа қарай 4 км жерде орналасқан. Іргесі 1929 жылы қаланып, 1964 жылы кеңшар орталығы болды. 1939-92 жылдары «Қызыл диқан» деп аталып, 1992 жылдан Мәлібаев ауылы деп аталады. Кісі есімінен қойылған атау.
Мемлекет – канал. Қызылорда қаласының оңтүстігінде, Сырдария алабында.
Моторлы – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Тереңдігі – 9 м, шығымы – 300 л/с. «Су көтеретін моторы бар құдық» мағынасындағы атау.
Мүлкалан күмбезі, Молда Калан мазары – 16-ғасырдан жеткен сәулет өнері ескерткіші. Сырдария ауданына қарасты Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км жерде, Жаңадария өзенінің жағасында орналасқан. Мүлкалан күмбезі маңдайшалы-күмбезді құрылыс қатарына жатады. Шаршы пішіндес, ауданы – 9,23 х 9,23 м, биіктігі – 5 м, күйдірілген кірпіштен өрілген. Күмбез құрылысында аркалы желкендер және импостар салу әдісі қолданылған. Ескерткіштің ішкі қабырғалары гипспен сыланған. Мазардың іргесіне қамыс төселіп, ішіне алты кісінің қабірі орналастырылған. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілді.
Нағанай – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Ру атынан қойылған атау.
Ноғайқара – қыстау. Дариялық тақыр жазығының оңтүстік-шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.
Нұрасор – құдық. Дариялық тақыр жазығының солтүстігінде. «Соры бар аңғардағы құдық» мағынасындағы атау.
Нұржан – артезиандық құдық. Арысқұм құмының солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Ортатұтқын – құрғақ арна. Арысқұм құмының солтүстік шығысында. Орта және тұтқын сөздерінен жасалған. Оның құрамындағы тұтқын сөзі тұт (етістіктің бұйрық рай тұлғасы) – қын (қосымша). Тілімізде тұт «ұста, тос, тоқта, қарма» мағыналарын білдіреді. Демек, Ортатұтқын «орта тұста тоқтап, тосылып, бөгеліп қалған арна» дегенге саяды.
Ошақты – көл. Ошақты көл аталуы көлдің айналасын Ошақты тайпасының иеленіп, көл жағалауына қыстау салып, қыс қыстап, шөбін шауып, суын пайдаланып, ұзақ уақыт атажұрт етуіне байланысты болған.
Пішмөнтай – артезиандық құдық. Бетпақдаланың солтүстік-батысында. Кісі есімінен қойылған атау.
Сайқон – қыстау. Қызылорда қаласының оңтүстігінде, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Сайдағы қыстау» мәніндегі атау.
Сайқұдық – құдық. Жаңадария өзенінің аңғарында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Сарыапан – қоныс. Арысқұмның шығысында.
Сарыапан – құдық. Арысқұмның шығысында.
Сарыбұлақ – бұлақ. Арысқұм құмының солтүстік-шығысында. «Үлкен бұлақ, суы мол бұлақ» мәніндегі атау.
Сарықамыс – көл. Қызылорда қаласының оңтүстігінде, Сырдария алабында. Сары және қамыссөздерінен жасалған. «Үлкен алқапты, көп жерді алып жатқан қалың қамыс» мәніндегі атау болса керек.
С. Сейфуллин – ауыл, ауылдық округ орталығы. Тереңөзек кентінен солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде. Ауылдың іргетасы ХХ ғасырдың басындағы 1929-1933 жылдар аралығындағы күштеп ұжымдастыру кезеңінде қаланды. 1975 жылы «С. Сейфуллин» атындағы совхоз болып құрылды. Совхоз негізінен күріш өсірумен және мал шаруашылығымен айналысты. Кісі есімінен қойылған атау.
Сенгірлек – құдық. Бетпақдаланың солтүстік-батысында. «Сенгірлек қалың өскен жердегі құдық» мәніндегі атау.
Сордың – артезиандық құдық. Бетпақдаланың солтүстік-батысында.
12 маусым 2018 ж. 1 660 2

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 16:13
Order Now Levaquin Lebact cialis 20mg for sale Cialis Mastercard Provera Delivered On Saturday

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 21:54
Kamagra Bestellen Rezeptfrei Priligy Approved In Canada viagra Efectos Viagra Mujeres Levitra Now Online Que Es Cialis Vs Viagra