Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бақ» шаруа қожалығында егінге орақ түсті

«Бақ» шаруа қожалығында егінге орақ түсті

Бүгін Қалжан ахун ауылындағы «Бақ» ШҚ-ның егіс алқабына орақ түсті. Егінге орақ салу рәсіміне аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты, «Жан-Арай» ЖШС-нің директоры Бағдаулет Махашов, «Қызылдихан» ШҚ-ның төрағасы Алданберген Құлбаев, шаруашылық төрағасы Серік Әбжалиев, ауыл ардагерлері мен шаруашылық қызметкерлері қатысты.

Егінге орақ салу рәсімінде аудан басшысы егіншілерді науқандық жұмыстардың басталуымен құтықтады.
– Күріш – Сыр бойының негізгі байлығы. Егін егу саласына аймақ басшысы Н.Нәлібаев зор қолдау көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде, биыл саладағы қиындықтар еңсеріліп, шаруалардың еңсесі биік. Ендігі мәселе – осы байлықты шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Астық мол болып, қырман тасысын, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Өз кезегінде «Жан Арай» ЖШС-нің директоры Бағдаулет Махашов пен «Қызылдихан» ШҚ-ның төрағасы Алданберген Құлбаев атқарылған жұмыстар жөнінде мағлұмат беріп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Егіс алқабында сала ардагерлері ақ батасын беріп, өнімнің мол болуына тілектерін білдірді.

Айта кетейік, биыл шаруашылық Сыр дақылын 523 гектар алқапқа егіп, одан мол өнім алуға ниетті.
07 қыркүйек 2023 ж. 197 0