Мерекеде дәрігерлер марапатталды
«1 наурыз – Алғыс айту күні» мен «1 наурыз – Партия күні» мерекесінде Сырдария аудандық ауруханасының дәрігерлері марапат төрінен көрінді.Ең алдымен, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өткізілген іс-шарада «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының тұрақты қатысушысы, жалпы тәжірибелік дәрігер Мәншүк Сейпуловаға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың Алғыс хаты берілді.
Сонымен қатар жетекші партияның аудандық филиалының атынан терапевт-дәрігер Сандуғаш Асановаға Алғыс хат табысталды. Айта кетейік, мереке мезіретін сезінген әріптесіміз Сандуғаш Асанова «Руханият» орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен өткен мерекелік жиында кезекті мәрте марапатқа қол жеткізді.











