Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровпен кездесу: Жастарға патриотизм мен құрмет дәрісі

Іс-шараға “Застава Тарландары” РҚБ-і ҚОФ-ның төрағасы А.Худояров және “Жас шекарашы” ӘПҮ-нің тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу барысында Яхия Тасыров жастарға өзінің соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, патриотизм мен адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын атап өтті. Ардагердің жастарға ақ батасын беруі, сондай-ақ әскери-патриоттық үйірмелердің қатысуы шараның мәнін арттырды.
– Біздің міндетіміз – ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтау және олардың тәжірибесінен сабақ алу. Бүгінгі кездесу жастарымыздың әскери тарихымызға, соғыс ардагерлерінің ерліктеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған, – деді А.Худояров.
Тағылымы мол кездесуде жастар ардагермен сұхбаттасып, оның өмірлік тәжірибесінен көптеген құнды сабақ алды. Яхия Тасыровтың өмір жолы мен ерліктері – болашақ ұрпаққа үлгі болатын маңызды сабақ.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті жастарды патриотизмге тәрбиелеу, тарихи сананы қалыптастыру және ардагерлерімізді құрметтеу бағытында жұмыстарын жалғастырады.