Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ғасыр жасаған майдангер

Ғасыр жасаған майдангер

Бүгін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров атамызға арналған жас ақындар мүшайрасы болып өтті.

Мүшайраға Әйелдер қауымдастығының төрайымы Жаналиева Ұлмекен және Сырдария аудандық мәслихат депутаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы қатысты.

Биыл өзінің ғасырлық мерейтойын атап өткен Яхия Тасыров Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерімен бөлісіп, мүшайраға қатысқан жас ақындарға ақ батасын берді. Ғасыр куәгері береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын, жастардың бейбіт күнде туған еліне адалдықпен, жанашырлықпен қарауы қажет екенін айтты.

Мүшайраға 11 жас ақын қатысты. Белсене қатысып жүлделі III орынды 210 мектеп мұғалімі Сағидоллақызы Бибіхан, II орынды 37 мектеп оқушысы Сейілбек Ханзада, I орынды 35 мектеп - лицей оқушысы Абдімұратова Назым жеңіп алды.

Барлық қатысушылар "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.





18 мамыр 2022 ж. 556 0