Биологиялық белсенді қоспаларға қойылатын талаптар қандай болмақ?

Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің 26-бабына сәйкес мамандандырылған тамақ өнімдері, оның ішінде ББҚ-ның мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері бірыңғай тізілімге (реестрге) енгізілуі керек. ҚР 07 шілде 2020 жылғы №360-IV ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 56-бабының 1-тармағында тағамға ББҚ жарнамасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Яғни Қазақстан Республикасының ДСМ-нің 2020 жылғы 27 қазандағы № 160/2020 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары» негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау кезінде мынандай ақпараттар: сауда атауы, құрамы туралы, негізгі ұсынымдар, қолдану тәсілі мен дозасы, жанама әсерлері, қолдану тәсілі көрнекі және түсінікті болуы, өндірушінің атауы, мекен жайы және Қазақстан Республикасында наразылықтарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның аты, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні міндетті түрде қамтылу қажет. Барлық тағамдық қоспалар Қазақстанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
ББҚ –ны сатып алғанға дейін тексеруді, яғни Кеден одағының сайтында мемлекеттік тіркеу куәлігінің бірыңғай тізілімінде тіркелуін тексеруді ұсынамыз, өйткені мемлекеттік тіркеуден өтпеген ББҚ-ны өткізу адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті. Сондықтан мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің бар екендігіне көз жеткізген жағдайда ғана ББҚ-ны пайдаланған жөн.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото:Нұрболат Нұржаубай
Фото:Нұрболат Нұржаубай