Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Биологиялық белсенді қоспалар туралы білесіз бе ?

Биологиялық белсенді қоспалар туралы білесіз бе ?

Тағамға биологиялық белсенді қоспалар жарнамасын орналастыру ол «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келген кезде жүзеге асырылады. Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен бекітілген.

Биологиялық белсенді қоспалар жарнамасы:

Қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады; Жеңіл оқылатын, түсінікті және анық қаріппен басылады;Дәрілік заттармен салыстыруға болмайды;Емдік қасиеттерінің болуы туралы мәліметтерді қамтуға болмайды;

Мазмұнында жарнамаланатын тағамға биологиялық белсенді қоспаларды басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен салыстыруға болмайды;

Тағамға биологиялық белсенді қоспаларға жарнама мынадай ақпаратты:

1) сауда атауын;
2) құрамына кіретін белсенді компоненттері туралы мәліметтерді;
3) қолдануға берілетін негізгі ұсынымдарды;
4) қолдану тәсілі мен дозасын;
5) негізгі жанама әсерлерін;
6) негізгі қарсы айғақтарын;
7) балаларға, жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ емізу кезеңіндегі айрықша нұсқауларды;
8)сату шарттарын;
9) қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымды;
10) өндірушінің атауын, мекенжайын және Қазақстан Республикасында наразылықтарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның атын;
11) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін, берілген күнін қамтуы тиіс.

Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау әрбір жағдайда жарнамалау объектісі дәрілік зат болып табылмайтыны туралы ескертумен қатар жүру керек.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдесіндегі № 301 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңының 9 бабы 1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
30 қазан 2024 ж. 79 0