Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылша ауру жөнінде не білу қажет?

Қызылша ауру жөнінде не білу қажет?

Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады.

Ауру себептері: Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді.

Инфекция көзі – ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Қызылшаның белгілері:

Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 24 күннен кейін беттің шырышты қабығының (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады.

Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы қайта көтерілуі мүмкін.

Қабынулар: Қабыну балаларда 5 жасқа дейін, ал 20 жастан асқандарда жиі дамиды. Ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфоузолдарының қабынуы, ларингит, энцефалит.

Қызылшаның алдын алу: алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12- 16 айда, екіншісі 6 жаста жасалады. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Н.Нұржаубай
18 ақпан 2025 ж. 88 1

Aline от 19 ақпан 2025 17:38
Женский клуб Сургута в телеграмме - женская группа для вас! Обсуждаем, комментируем, делимся вашими историями, обучающими материалами, хорошим настроением и новостями. Множество полезного: психология, мастер-классы, вопросы, ответы и многое другое. Ждём наших любимых подписчиц в добром и светлом женском клубе. #Сургут #ЖенскийклубСургут #ЖенскийСургут #смотретьженский #женскийинтернет #телеграм #телеграмм #telegram Подпишись, чтобы быть в курсе... Женский клуб в Сургуте Женские каналы в других городах РФ:https://teletype.in/@zhenskiy_club/wlb9t9YPg_M