Қызылша ауруы: пайда болу себептері мен емдеу жолдары
Қызылша – бұл ауа тамшылары арқылы таралатын өте жұқпалы ауру. Көбнесе балаларда кездеседі. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе жұқтыру қаупі өте жоғары. Міне, сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды.
Ауру себептері – инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Инфекция көзі-ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.
Қызылшаның белгілері – есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі сияқты белгілер болады. Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы байқалады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Осы кезде дене қызуы қатты көтеріледі, тұмау белгілері күшейеді. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40.5°. қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады.
Қызылшаның инкубациялық кезеңі – бұл аурудың бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады.
Фото: ашық дереккөзден