Күнделікті жұмыртқа жеу денсаулыққа өте пайдалы болып шықты
АҚШ-тағы қоғамдық тамақтану ұйымының ғалымдары Nutrition 2018 конференциясында тағамдық өнімдердің адам денсаулығына әсері зерттелген бірқатар ғылыми зерттеуді таныстырды.
Бұл туралы EurekAlert! басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Артық салмаққа және семіздікке душар болған пацинеттердің қатысуымен өткен зерттеу нәтижесінде, 12 апта бойы күн сайын жұмыртқа жеу сусамыр дертінің даму мүмкіндігін төмендетеді. Бұл ретте оның қандағы холестерин мөлшерін өзгертпейтіні анықталды.
Пекан жаңғақтары да қандағы қант мөлшерін тұрақтандырып, 4 апта ішінде инсулинге деген төзімдігін төмендетеді. Олардың күнделікті жеуге болатын қалыпты мөлшері 42 граммды құрайды.
54-83 жас аралығындағы 101 677 адам қатысқан зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, майлылығы төмен ферменттелген сүт өнімдері тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алуға әсер етеді.
Ал 706 адам қатысқан екінші зерттеуде жапырақты көкөністер мен жидектердің Паркинсон аурына шылдығу қатерін төмендететіні анықталған.
Сондай-ақ, 14 мың адам қатысқан тағы бір зерттеуде күніне 3 немесе одан да көп мөлшерде кофе ішетін адамдардың бауыр ауруларына аз шалдығатыны дәлелденген.