Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандағы холестеринді төмендетудің жолдары

Қандағы холестеринді төмендетудің жолдары


Холестерин  ағзаның бірқалып­ты жұмыс істеуіне пай­дасын тигізетін құрамдас бөлік болғанымен, оны артық пайдалану артериялық тамырлардың ішіне майлы заттардың жиналып, жү­ректің ишемиялық ауруының қауіп-қатерін арттыратыны белгілі. Қандағы холестеринді қалай азайтуға болады? Төменде холестеринді азайтудың бірнеше жолдарымен таныса аласыз.
  1. Холестеринді азайтудың ең қарапайым және ең қолжетімді түрі диета болып табылады. Ол үшін тамақ рационындағы тәтті және майлы тағамдарды алып тастап, ұйықтардан алдын тамақтанбау қажет.
  2. Холестериннің негізгі көзі жануарлар өнімдері болып табылады. Сондықтан оларды тұтынуды азайту немесе құрамында холестерині аз өнімдерді пайдаланған жөн.
  3. Майсыз сүзбе тұтынып, майсыз сүт ішіңіз.
  4. Жұмыртқа пайдалануды шектеу қажет. Аптасына 2 жұмыртқа тұтыну жеткілікті.
  5. Майлы етті қоян, бұзау, тауық етімен алмастыру қажет.
  6. Рационыңызға майлы теңіз балығын қосыңыз (теңіз балығындағы қанықпаған май қышқылдары қан тамырларын тазартуға және оларда холестерин туындауының алдын алады).
  7. Дәл осы қасиеттер теңіз өнімдерінде де бар. Теңіз орамжапырағын көп тұтынғаныңыз пайдалы.
  8. Брокколи, қырыққабат пен пияз жеуді ұмытпаңыз. Олардың құрамында холестеринді төмендетуге қажетті элементтер бар.
  9. Холестерині жоғары адамдар үшін күнбағыс, жержаңғақ, соя және зәйтүн майлары өте пайдалы. Сондай-ақ холестеринге қарсы зығыр майыныңда әсері бар.
  10. Жақында ғалымдар күніне 70 грамм бадам жеу холестериннің деңгейін төмендету мүмкіндігіне ие екенін дәлелдеді.
  11. Жидектерді көбірек жеңіз. Себебі олардың құрамында салицил қышқылы болады, олар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді және қанның ұйуына жол бермейді. Күніне 3 түйір сарымсақ жесеңіз қаныңыздағы холестерин деңгейі 15%-ға дейін азаяды. Ол тек жаңа піскен сарымсақ болуы керек.
  12. Жаман әдеттерден аулық болыңыз. Күнде таңертеңгілік жаттығу жасауды ұмытпаңыз, деп жазады anabol.kz.
15 мамыр 2018 ж. 2 333 0