Қант диабетінен сақтаныңыз
Қант диабетінің пайда болу себептерінің бірі - тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.
* суға құмарлық /полидипсия/;
* кіші дәреттің жиілеуі /полиурия/;
* үнемі шаршаңқы болу /полифагия/;
* үнемі қарын ашу.
Аталған ауруға шалдыққан науқасттар үшін негізгі ем – диетотерапия.
* Балалардың тамағы құнды болып, майсыз, оңай қорытылатын, қанты аз болуы керек;
* Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер болуы керек (капуста, қияр, помидор, шалғам /редиска/, мүкжидек /клюква/, тәтті болгар бұрышы);
* Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз!
* Күніне жеміс-жидектермен 5-6 рет тамақтаныңыз.
* Көмірсутегіне бай азықтарын көбірек пайдаланыңыз. Бұл қанға глюкозанын жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді.
* Қант пен тұзды пайдаланбаңыз. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді.
Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек-тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады.
* Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды.
* Диабет ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмір жағдайына кері әсер етеді
* Егер 40 жастан жоғары диабетке шалдыққандар болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.
* Өз салмағыңызды қалыпты ұстаңыз.
* Тез жүру – семірудің бірден бір емі.
* Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50%-ға дейін төмендетеді.
* Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз.
* Жылына 2 рет эндокринолог-дәрігердің қабылдауына барыңыз.
* Арнайы мамандардың кеңесінен невропатолог, окулист, кардиолог, нефрологтың тексеруінен өту қажет.
Дайындаған: Амангүл Ермекқызы
Дереккөз: www.anabol.kz