МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МІНДЕТТІ
Мемлекет басшысы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекет ортақ жауапкершілікке негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар соңғы екі жыл көлемінде жан-жақты іске асырылуда. Жер-жерде ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстары жүріп, халыққа насихатталуда. Осы орайда, облыстық АНТ мүшелері кент және барлық ауылды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Елді-мекендердегі кездесуде АНТ құрамындағы облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Бисенкүл Кәрібаева, облыстық мамандандырылған сәбилер үйі бас дәрігерінің міндетін атқарушы Күләш Рысмұхамедова, қалалық №4 емхананың бас дәрігері Бахыт Піржанова МӘМС-тің мән-маңызын айтты. Топ мүшелерімен бірге амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дархан Қалымбетов, емхана дәрігері Серік Маханбетов және аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының аудандық бөлімше мамандары бірге жүріп, тұрғындар сауалдарына жауап берді.
Алдымен, медицина мамандары аталған жүйенің мақсатына тоқталды. Негізінен, медициналық сақтандыру қоғамдық жауапкершілікті арттыру, жүйедегі қаржылық тұрақтылықты қалыптастыру, оның тиімділігін пайдаланып, қызмет көрсету бағытында іске асырылуда. Жалпы, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – басты мақсат болып отыр.
Мұндай жүйе не үшін таңдалуда? Себебі, қазіргі таңда елімізде жұқпалы аурулар азайып, есесіне созылмалы аурулар көбейген. Онымен көбінесе егде жастағы адамдар ауырады. Созылмалы ауруға шалдыққан жандардың емдеуіне көп қаржы қажет. Сол себепті де ем-домға дамыған елдердегідей осы жүйе таңдалған. Бұл үш жақты жауапкершілікті талап етеді. Атап айтқанда, адам денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші және әркім өзі жауапты болмақ. Яғни, МӘМС үшін белгіленген мөлшерде тиісті жарна төлеп, әрбір қазақстандық тегін медициналық қызметке жүгінетін болады.
Мүдделі әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі саналатын медициналық сақтандыру 2019 жылдың 1 қаңтарынан толық жүзеге асырылады. Сол мерзімнен бастап әркім ай сайын медициналық сақтандыру жарнасын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» аударып отырады. Осы қорда жинақталған қаржы медициналық қызмет сапасын арттыруға жұмсалмақ.
Түсіндірме жұмыстарында АНТ мүшелері медициналық сақтандыру жарнасын төлемейтін 14 топты атап көрсетті. Олардың қатарында балалар, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар, жұмыс жасамайтын жүкті әйелдер, бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған адамдар, мүгедек бала күтімімен айналысатын, жұмыс істемейтін жандар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, тергеу изоляторларында отырғандар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер және оқуды бітіргеннен кейін үш айға дейін жарна төлемейтін жастар бар. 10 миллион адамға жуықтайтын осындай топтар мемлекет қамқорлығында болмақ. Олар үшін төленетін жарна мөлшері статистика органы тарапынан екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының есебімен 4 пайызды құрайды. Аталған топтағы адамдарға жарнаны мемлекет 2020 жылдан бастап аудара бастайды. Ал жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар сақтандыру жарнасын 2017 жылдың шілде айынан бастап аудара бастаған. Бұл санат 2018-2019 жылдары жұмыскер табысының 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз көлемінде жарна аударады. Осы жерде жарнаның жұмыскер жалақысынан емес, жұмыс берушінің өз есебінен төленетінін де айта кеткен жөн. Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері де жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді. Бір айта кетерлігі, жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары өзі үшін жарна төлемейді. Алайда, олар жұмыс беруші ретінде қарамағындағыларға аударым төлеуді тоқтатпайды.
Егер жоғарыда аталған топтардан бөлек адамдар ай сайынғы сақтандыру жарнасын төлемесе, медициналық сақтандыру пакетін ала алмайды. Яғни, олар тек 2020 жылға дейін ең төменгі кепілдендірілген медициналық көмектің мемлекеттік көлемін алмақ. Атап айтқанда, ауырғанда жедел жәрдем қызметін тұтынады, балалар екпесі жасалады. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар туберкулез, онкологиялық, психикалық, ЖИТС, онкологиялық аурулардан туындаған мінез-құлық, жұқпалы ауруларға шалдыққанда көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл тізбекте санавиация қызметі де бар. Ал барлық емханалық қызмет, алғашқы көмек, жоспарлы стационарлық көмек, жоғарғы арнаулы медициналық ұйымдардағы көмек бұл сақтандырылған пакет қызметі саналады. Мұны осы жүйе бойынша жарна төлеген адамдар ғана алатын болады.
Негізінен, сақтандыру жарнасын әр айдың 25-не дейін аударып отыру керек. Ал осы мерзімнен асып кетсе белгіленген пайызбен өсімпұл жүреді. Және де жарнаны аударғаннан соң оны міндетті түрде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» түскендігін арнайы сайттан тексеріп отырған жөн. Әйтпесе, өзі туралы мәліметті дұрыс толтырмаудың немесе жүйедегі техникалық қателіктердің кесірінен жарнапұл түспей қалса, өсімпұл төлеуге тура келеді.
Жалпы, аталған міндетті сақтандыру жүйесі медициналық қызмет сапасын жақсартып, медициналық ұйымдар арасында бәсекелестік қалыптастырады. Соның нәтижесінде, денсаулығы сыр берген жандарға жан-жақты, сапалы емдеу шаралары жүргізіледі. Ал медицина ұйымдарының қызметі жүйе бойынша талапқа сай емес болса, бірте-бірте өз қызметін тоқтата бастайды. Демек, барлық талаптарға сай, жоғары сапада қызмет көрсететін ұйымдар халық денсаулығының жақсаруына қызмет етеді. Ол үшін әрбір қазақстандық мобильді қосымша арқылы МӘМС туралы ақпарат алып, әрбір медициналық ұйымның қызметіне баға беріп отырады. Соның арқасында сапалы қызмет көрсететін емхана, ауруханалар іріктеледі. Осындай МӘМС-қа қатысты өзгерістер мен ақпараттарды хабардар еткен топ мүшелері тұрғындар көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Бұл жүйе толық іске асқанша әлі де ақпараттандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Е.БЕРКІНБАЕВ