Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтері туралы не білуіңіз керек?

"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтінішті www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін бере алады.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ