Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 5 газет

21 қаңтар 2025 ж.

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ізгілік нұрына шомылған, ана!

Ізгілік нұрына шомылған, ана!

Әйел қашанда жүректі, мінезді болып көрінгенімен нәзіктігін жоймайды. Қаншама тағдырдың тепірешіне, қиындығына көндіккенімен әйелге тән қасиетінен таймайды. Балаға деген аналық махаббаты, ерге деген сыйы қай кезде де, көрініс тапқанымен, өзіндік ұстанымда әйел болмысынан тайқымайды. Парасаттылықты, көрегенділікті өмір өткелдері арқылы меңгерген алтын жүректі жан Ұлмекен Шанайқызы анамыз биыл 75 жасқа келіп отыр. Аудан әйелдері жол бастаушысы айналған ардақты ана мемлекеттік қызметте шыңдалған дара тұлға десек, қателеспейміз.

Негізінен, Ұлмекен Шанайқызы – "Сырдария ауданының Құрметті азаматы", "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, білім саласының ардагері. Әрқашан парасат-пайымымен елдің құрметтісіне айналған аяулы ана еңбегімен елге танылған абыз ана іспетті. Өмір жолында талай ауыртпалықты еңсеріп, қызметте абырой биігінен көріне алды. Ол мұнайып, сағы сынбау үшін емес, қайта тағдыр сыйынан шыңдалу үшін дарияның ағысына қарсы тұрғандай болды.

Шын мәнінде, Ұлмекен Шанайқызы 1950 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Абыз ана 1957-1967 жылдары Тереңөзек кентіндегі №35 Иса Тоқтыбаев атындағы орта мектебінде білім алған ол еңбек жолын өзі бітірген мектепте аға пионервожатый болып бастаған. Кейіннен Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша оқыған. Оқу орнын тәмамдаған соң ұстаздық қызметін жалғастырады. 1976 жылы С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебінде бастауыш пәнінің мұғалімі болып, оқушыларға тәлімді тәрбие бергені көпшілікке аян. Өз кезегінде біліктілігі жоғары маман 1979 жылы Тереңөзек кентіндегі №88 кәсіптік техникалық училищесінде қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ауысып, 1987 жылы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектебінің директоры болып абыройлы қызмет етті. Мектепке басшылық еткен жылдары білім жүйесіне жаңашылдықтарды енгізіп, балалардың заманауи білім алуына ұйытқы болды. Әр жыл сайын ұстаздардың біліктілігін арттыруға ықпал жасап, білім ошағының биіктерден көрінуіне атсалысты. Білім саласына 25 жылдай қызмет істеп, 1989-2008 жылдары Халық депутаттары поселкелік Советі атқару комитеті председателі, Тереңөзек кентінің әкімі, Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық мұрағаттың директоры қызметтерін атқарып, зейнеткерлік демалысқа шықты. Әзиз жүректі ана поселкелік, аудандық кеңестің депутаты атана алды.

Ақ пейілімен, мейірбан жүрегімен аудан әйелдеріне ерекше қамқорлық танытатын ардақты ана Сырдария ауданына қарасты елді мекендеріндегі мәдениет ошақтарында әжелер ансамблдерін құруға атсалысты. Қыз баланың, келіннің, ананың отбасындағы айрықша айшықтай алды. Қоғамдық ұйымның жұмысында батыл шешімдер қабылдай білген жан. Қашанда ер азаматтармен қатар өз ойын анық жеткізіп, көптеген мәселенің шешілу жолдарына тікелей атсалысты.

Анар ҚАЛДЫБАЕВА 
19 қаңтар 2025 ж. 67 0