Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-1-бабы бойынша іс медиация тәртібімен аяқталды. Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-1-бабының 2-бөлігімен азамат Б.-ға қатысты қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін іс қаралды.

Азамат Б. енесі Ө-ні және қайын апасы А.-ны себепсізден-себепсіз ұрып, яғни тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерiн жасаған.

Сот отырысында қылмыстық теріс қылықты жасаған Б. кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушілер Ө. Және Б.-мен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының

1-бөлігіне сәйкес, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық теріс қылықты іс жүргізуі тоқтатылды.

Сотпен қылмыстық теріс қылықты жасаған Б.-ға қылмыстық құқық бұзушылығы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін бір жыл ішінде осы Кодекстің 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаса әрекетіне сай жаза қолданатындығы қатаң ескертілді.

Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
16 қаңтар 2025 ж. 292 0