Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-1-бабы бойынша іс медиация тәртібімен аяқталды

Сот отырысында қылмыстық теріс қылықты жасаған А. кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші Б.-мен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық теріс қылықты іс жүргізуі тоқтатылды.
Сотпен ҚК-нің 98-3-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сай А.-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге жәбірленуші Б.-ға және оның кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді.
Сотпен қылмыстық теріс қылықты жасаған А.-ға қылмыстық құқық бұзушылығы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін бір жыл ішінде осы Кодекстің 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаса әрекетіне сай жаза қолданатындығы қатаң ескертілді.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото:Kursiv.media