Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстық аға басылымдарға 95 жыл

Облыстық аға басылымдарға 95 жыл

Аймақтың аға басылымы саналатын "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінің жарыққа шыққанына биыл 95 жыл толуда.

Басылым ұжымына құрмет көрсету мақсатында арнайы БАҚ-саласы ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір болу рөлін абыроймен атқарып келе жатқан қос газеттің өткені мен бүгіні сөз болды.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов алғы сөз сөйлеп, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының арнайы құттықтау лебізін жеткізді.

Сонымен бірге, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов пен бірқатар зиялы қауым және БАҚ өкілдері қос басылымда ұзақ жылдар еңбек еткен аға буын ардагерлер мен қазіргі шығармашылық құрамына оң пікірлерін білдірді.

Іс-шара барысында аға басылымдарда табысты еңбек еткен бірқатар журналистер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Басылымның ардагерлері, 90 жастан асқан Қайырбек Мырзахметов ағамыз бен Рысты Бекбергенова апамызға облыстың ең жоғарғы наградасы «Құрмет Грамотасы» және басқа да БАҚ саласы қызметкерлеріне төсбелгілер мен Алғыс хаттар табысталды.

"Сыр бойы" газеті – Сыр өңірі журналистикасының тарихымен тығыз байланысты басылым. 95 жылдық ғұмырында басылым қазақ әдебиетінің көптеген қабырғалы қайраткерлерінің алғашқы шығармаларын жариялап, талантын шыңдаған шынайы шығармашылық ұстаханаға айналды. Әдебиет пен журналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосқан басылымның беттерінде ғасырлар үніндей тың туындылар жарық көріп, елдің рухани байлығын еселеді.

Бүгінгі шарада ардагер қаламгерлер мен қазіргі буын өкілдерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Бұл 95 жылдық мерейтой қос газеттің шығармашылық дәстүрінің үзілмей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 желтоқсан 2024 ж. 60 0