Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
Қадірін біл барында

Қадірін біл барында

03 қыркүйек 2025 ж.
Әке жүрегі

Әке жүрегі

03 қыркүйек 2025 ж.
Жіп иірген  тоқымашы

Жіп иірген тоқымашы

03 қыркүйек 2025 ж.
Қызметіне адал Калила

Қызметіне адал Калила

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мерейлі отбасылар құрметке бөленді

Мерейлі отбасылар құрметке бөленді

Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы орталығында» зиялы қауым өкілдері, «Мерейлі отбасы» байқауының әр жылдардағы жеңімпаздары, үлгілі және жас отбасылар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысуымен мерекенің мәнін айшықтайтын іс-шара ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы «Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет – біздің қанымызға сіңген қасиет» деп айрықша мән беріп келеді.

Отбасындағы тәлім-тәрбие адамның бүкіл бітім-болмысын қалыптастырады. Ақылдың кені – ақсақалдар мен тәлімнің тетігі – аналардан алған үлгі-өнегені ұстансақ, ісіміз ілгерілеп, тіршілігіміз татымды болары анық.

Іс-шарада облыс әкімі аппаратының басшысы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Шахмардан Байманов ұрпақтар сабақтастығын жалғап, қоғамда еңбек құндылығын насихаттаған отбасыларға ізгі ниетін жеткізіп, аймақ басшысының атынан мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, дәстүрлі «Мерейлі отбасы» конкурсына құжаттар қабылдау бүгіннен басталатынын хабарлады.

Байқау шарты бойынша аудандық және облыстық комиссияның оң шешімін алған отбасылар республикалық конкурсқа жолданады.

Мерекелік басқосуда сөз алған облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Ө.Шәменов жарасымды отбасыларға ақ тілегін арнады. Жаңадан отау құрып, шаңырақ көтерген жұптар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Шараға қатысушыларға облыс әкімдігі атынан Алғыс хаттар мен құттықтаулар табысталды. Жыл сайын атап өтілетін Халықаралық Отбасы күнінде бірлік пен татулық насихатталып, өнегелі отбасылар баршаға үлгі етіле бермек.
16 мамыр 2024 ж. 251 0