Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ


«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық Әділет бас­қар­масының бірлескен іс-шара­сы аясында облыстық Әділет департа­менті басшысының орынбасары Ұ.Оразгелді аудан жастарының өкіл­­дерімен кездесіп, Елбасының Жолдауы мен Үндеуінен туындайтын міндеттер туралы ой өрбітті.
– Егемен еліміз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдады. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойды. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалды. Ал қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Осы бағытта 2018 жылы жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен Үндеуі Қазақстанды жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын айқындайды.
«Әлеуметтік 5 бастама» Үндеуіне келетін болсақ, бұл қол жетімді баспана, жастарды сапалы біліммен және жатақханамен қамтамасыз ету, шағын несилендіруді дамыту, көгілдір отынмен қамту, жалақысы төмен адамдардың салық түсімін азайту. Бұл жеңілдіктер болашақта үлкен жемісін, жетістігін берері сөзсіз. Жақсы білім алуды, баспаналы болуды армандамайтын адам жоқ. Еліміз үшін тағы бір байыпты бастама «7-20-25» бағдарламасы. Енді жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендетілген пайызбен тұрғын үйге қол жеткізе алады және нес­ие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 25 жылға дейін ұзартылатын болады. Бұл бағдарлама ең әуелі қарапайым халық үшін тиімді болмақ.
Тағы бір айта кететін жағымды жаңалық 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 1 айлық табысы 60 мыңнан төмен азаматтардың салық түсімі азайтылады. Бұл еліміздің барлық жалдамалы жұмыскерлердің кемінде 3 тен 1-і. Яғни, 2 млн.нан астам азаматтардың жалақасы көбейеді деген сөз. Елбасының бұл бастамасы табысы төмен азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталып отыр. Аталған бастама кәсіпкерлер үшін жалдамалы жұмысшылардың нақтылануына яғни тіркелмей жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің саны мен одан түсетін салықтан сомалардың нақтылануына, жұмыскерлердің әлеуметтік жағынан қамтылуына берген үлкен мүмкіндік деп есептейміз, – деді Ұ.Оразгелді.
Кездесу барысында жастар облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасарына өздерін толғандырып жүрген сауалдарды қойып, оған тұщымды жауаптар алды.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Дайрабаев, аудан әкімдігі құқық бөлімінің басшысы Д.Әлшеров және жастар өкілдері қатысты.

Шаhарбек НҰРСЕЙІТОВ
06 маусым 2018 ж. 705 0