Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Алғаш рет»: Шаңғы альпинизмінен ел чемпионаты өтеді

«Алғаш рет»: Шаңғы альпинизмінен ел чемпионаты өтеді

Шаңғы альпинизмі ресми танылғаннан кейін алғаш рет Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Жарыс «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп, 2 күнге созылады. Спортшылар 2 дисциплинада, атап айтқанда, 30 қарашада «Вертикалды жарыс» форматында жарысса, 1 желтоқсанда спринтте бақ сынайды.

Шаңғы альпинизмі – тау шаңғысында жоғары жылдамдықпен көтерілу мен түсу элементтерін біріктіретін спорт түрі. Olympic.kz-тің мәліметінше, елде бұл жарыстар 2015 жылдан бері өтіп келеді. 2021 жылдан бастап шаңғы альпинизмі Олимпиада спорт түрлерінің қатарына енгізілді. 2024 жылы шаңғы альпинизмі (skimountaineering немесе skimo) Қазақстанның спорт түрлерінің тізіміне енгізілді.

Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, 2025 жылдың ақпанында Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарына қатысады.

Фото: Olympic.kz

29 қараша 2024 ж. 207 0