Аудандық форум өтті
Аудандық мәдениет үйінде "Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру бойынша аудандық форум өтті. Қоғамның келелі мәселесін күн тәртібінде көтерген жиынды аудан әкімдігі мен аудандық қоғамдық даму бөлімі, сондай-ақ "Сырдария-Нұрдария" қоғамдық қоры бірлесе отырып ұйымдастырды.
Жиынға ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, жастар өкілдері қатысты. Форумды аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев ашып, жүргізіп отырды.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуын тежейтін тажал екенін түсіндіруге бағытталған іс-шарада аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ләззат Мығымбаева баяндама жасады.
Сонымен қатар күн тәртібінде нашақорлық мәселесі де қаралды. Нашақорлыққа қарсы бір айлық аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Қасымжомарт Алдаберген баяндама жасады. Сондай-ақ есірткінің зияны туралы бейнебаян көрсетілді.
Форум аясында аталған мәселе төңірегінде ауқымды жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Және "Сырдария-Нұрдария" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысына сәйкес Аяжан Айтмағанбетов пен Гүлмира Әбдіғаппарова ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал Нұргүл Мусаева ІІІ орынды, Камила Халданова ІІ орынды, Эльмира Тілеубергенова жүлделі І орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сертификат пен ақшалақ сыйақы табысталды.
"Тт" ақпарат