Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

«Скайф» байланысы арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында ақпараттық топтың тұрғындармен кездесу өткізілді.
Аталған бейне кездесуге Сырдария ауданының прокуроры Ерлан Алмазұлы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Еркебұлан Жакып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алимаш Мырзахметова, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Омаров қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас-жемқорлыққа байланы келелі мәселелер көтеріліп, мамандар тарапынан негізгі жұмыстар талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеті мәлім. Сол себепті қауіпті кеселмен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.
Балтабай ОРДАБЕКОВ