Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» облыс тұрғындарына кезекті құқықтық көмек көрсетті

Қызылордада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» облыс тұрғындарына кезекті құқықтық көмек көрсетті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Жалағаш және Сырдария аудандарының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Мобильді топтың құрамына заңгерлер, мемлекеттік кіріс және әділет, денсаулық және білім салаларының мамандары, адвокаттар, сондай-ақ жоба волонтерлері қосылды.

Тұрғындардың  негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, жергілікті жолдардың жай-күйі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, мемлекеттен несие, жеңілдіктер мен субсидиялар алу мәселелеріне қатысты болды.

Мамандар  ауыл тұрғындарының жеке мәселелеріне қатысты кеңестерін беріп, тиісті көмектерін көрсетті.

Айта кету керек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топпен» жыл соңына дейін облыстың барлық аудандары мен ауылдық округтерінде құқықтық көмек көрсету жоспарланған.
24 мамыр 2024 ж. 250 0