Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда кәсіпкер әйелдердің саны артуда

Ауданда кәсіпкер әйелдердің саны артуда

Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның IV тоқсандағы отырысы өтіп, 2 мәселе қаралды. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Мырзахметова хабарлама жасады. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б.Смайлов та ақпарат берді.

Биылға жоба бойынша 982,0 мың теңге қаражат бөлініп, 15 іс-шара өткізілген. Отбасы құндылығын насихаттау мақсатында жергілікті газетте 9 мақала, әлеуметтік желілерде 98 материал, 16 бейнеролик жарияланған.

Комиссияның күн тәртібіндегі 2 мәселе «Кәсіпкер әйелдерге қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары туралы ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету» туралы болып, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Сәдуақасов хабарлама жасады.

Бөлім басшы қазіргі таңда кәсіпкер ретінде тіркелген әйелдер саны көбейіп келе жатқанын жеткізді. Есепті мерзімде ауданда кәсіпкер-әйелдер саны 1074 адамды құрап, жалпы тіркелгендерге үлесі 33.6 пайызды құрайды. 2023 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын 419 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Оның ішінде, құны 730,4 млн. теңгені құрайтын 124 жоба кәсіпкер әйелдерге тиесілі.

Комиссия отырысында отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында алдағы жылы жұмысты күшейту және әйел кәсіпкерлерге әркез қолдау көрсету керектігі айтылып, комиссия төрағасымен тапсырмалар берілді.
08 желтоқсан 2023 ж. 171 0