Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасы бойынша аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиевпен бірге Тереңөзек кентінде салынып жатқан «Руханият» орталығы, паллиативті оңалту орталығы, қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылыстарының жұмыстарымен танысты.

– Кеше ғана облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылау тапсырылды. Сондықтан құрылыс жұмыстары өте сапалы болуы керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев орталық құрылысын аралап, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігі ескертті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
27 қараша 2024 ж. 303 0