Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімі қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысымен танысты

Аудан әкімі қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде салынып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысымен танысты. Полигон «Қызылорда-Жалағаш» автожолының бойынан көлемі 4 гектар жерге салынуда.


– Бұл полигонның аудан тұрғындары үшін маңызы зор. Сол себепті аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қолдау білдіріп, облыстық бюджеттен 475,5 млн. теңге бөлінді. Полигонда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға мүмкіндік болады. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы және мерзімінде жүргізілуі тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС атқаруда. Мердігер мекеме өкілі бүгінде тұрмыстық қатты қалдықтарды сүзгіден өткізетін құдықтар қазылып жатқанын атап көрсетті. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына мән беруді атап, тиісті салалық орынбасарына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, полигон шаруашылық және өндірістік аймақтардан тұрады. Өндірістік аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы алаң, сүзгіш құдығы орналасады. Мұнда жылына 3500 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталмақ.
Құрылыс жұмыстары аяқталып, полигон іске қосылғанда экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жақсарып, қоршаған ортаға және адам денсаулығына оң әсерін болары анық.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
20 маусым 2024 ж. 324 0