Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Cібір жарасы – өте қатерлі ауру

Cібір жарасы – өте қатерлі ауру

Сібір жарасы – бұл жануарлар мен адамдарда болатын аса жұқпалы ауру. Сібір жарасының үш түрі бар: терілік, өкпелік және ішекті. Терілік түрі басым, сирек – сепсис құбылыстары (шіруі) бар өкпе және ішек түрі. Бұл ауру адамға ауру жұқтырылған жануардың терісімен және жүнімен жанасудан немесе залалданған етті тұтынудан жұғуы мүмкін.

Сібір жарасын адамға жұқтырушы ол– үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесі жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.

Сібір жарасы инфекциясынан сақтану үшін ет пен ет өнімдерін тек өнімдердің сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу, үй малын сою тек қана мал мамандарының рұқсатымен жүргізу. Ет, ет өнімдерін немесе кез келген мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстануға міндетті. Сондай-ақ, жануарларды күту кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді орындау. Үлбір және былғары шикізаттарын ветеринариялық бақылау. Мұнан бөлек, жануарлардың ауруын бақылау, сібір жарасына қарсы егу, залалданған жануарлардың өлекселерін жою.

Данияр БАЛТАБАЕВ ,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы
 
Фото: 3emhana.kz
26 қараша 2024 ж. 42 0