Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкжөтел дегеніміз не?

Көкжөтел дегеніміз не?

Көкжөтел - өткір жұқпалы ауру, ол негізінен ұзаққа созылған ұстамалы жөтелмен көрінеді.

Көкжетелдің таралуы
Көкжетелдің қоздырғышы - көкжетел таякшасы немесе
Bordetella pertussis (Бордетелла пертуссис) болып
табылады. Инфекция жағдайларынын көпшілігінде бордетелла адамнан адамға 2 метрге дейінгі ауа
тамшылары арқылы беріледі. Олар ауыз-жұтқыншаққа немесе мұрын-жұтқыншаққа қонуы мүмкін немесе егер адам ластанған ауамен дем алса, тікелей өкпеге енуі мүмкін. Бактерия құрғақ, жерде бірнеше күн өмір сүре
алады, сондықтан жұқтырған беттермен байланыста
болған кезде оны жұқтыруға болады.

Көкжөтелдің асқынуы
Жұлын мен миға, көздің, склерасына, бет терісінін, беткі
қабатына қан құйылу, мұрыннан қан кету;
екпенің дұрыс жұмыс істеуінің бұзылуы (эмфизема);
тыныс алу жолдарының үзілу;
геморройдың пайда болуы, тік ішектің және кіндік
немесе шап жарығы шығуы;
геморройдың пайда болуы, тік ішектің шығуы және кіндік немесе шап жарығы;
иммунитеттің әлсіреуіне байланысты қосылған инфекциялар.

Алдын алу
Өзіңізді инфекциядан қорғаудың, ең жаксы жолы - вакцинация. Екпе алған адамдарда, тіпті жұқтырған жағдайда да, ауру өте жеңіл түрде өтеді.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден
22 қараша 2024 ж. 52 0