Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Дертті тілге қарап анықтауға болады

Дертті тілге қарап анықтауға болады


Тілге қарап ағзалардың қалпын анықтауға болады. * Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді. Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар: * Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі. * Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады. * Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін. * Қоңыр тіл – ішек қызметінің бұзылуынан болатын өзгерістер, дәрілерге аллергияның нәтижесінде де болуы мүмкін. * Тегіс жылтыр тіл - бауыр қызметінің көрінісі. Тілдің құрғақтығы ұзақ уақыт бойы сақталса, ол қант диабетінің әсері болуы мүмкін. * Жарық тіл – асқазан, ішек жолдарының бұзылыстарынан пайда болады. * Таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда тілде тіс іздерінің болуы шаршаудың және жүйке күйзелістерінің белгісі. * Ақ немесе сарғыш-қоңыр қалың қабықтың болуы – иммунитеттің әлсіреуі немесе асқазан-ішек жолдары ауруларының көрінісі болуы мүмкін. * Қалың қатпармен қоса, ауыз қуысында ойық жаралар болып, тәбет тің нашарлауы байқалса, ішектің қабынуы немесе ойық жара бар болуы мүмкін. Бұл белгілер түндегі және ашыққан кездегі және тамақтанудан 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауру сезімімен бірге болса, дерттің шынымен-ақ болуының мүмкіндігі 100 пайызға дейін жетеді дейді дәрігер мамандар.
06 шілде 2018 ж. 4 249 0