Ботулизм ауруынан сақтанайық!

Азық-түлік ботулизмі адамдарда токсинді шығаратын бактериялармен ластанған тамақты жеген кезде пайда болады. Ботулизмнің қоздырғышы қоршаған ортада кең таралған, сондықтан бұл аурудың алдын алу қиын. Ботулизм ауруының 90%-ы тұрмыстық жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, балық консервілерін және тұздалған, ысталған балық, шұжықта, сүрленген шошқа етін пайдаланғаннан болады, яғни технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда орын алады. Көшедегі сауда орындарында үйде консервіленген өнімдерін сатып алмаңыз. Зақымдану және ісіну немесе ағып кету көріністері бар консервілерден бас тарту керек. Көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында мұқият өңдеңіз.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден