Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй ішіндегі зеңнен қалай құтылуға болады?

Үй ішіндегі зеңнен қалай құтылуға болады?


Жаңа үйдің өзі ескіреді, дымқылдықтың жоғарылауынан үйді түрлі зиянкестер басады. Соның бірі қабырғалардағы дақтар. Яғни, зең (плесень). «Саңырауқұлақ» немесе «зәк» деп те атайды кейбір жерлерде.

Қысқы қардан, жауын-шашыннан және ауаның ылғалдылығының артуынан пайда болатын зеңмен күресуді бастайық.
Үйдің ішкі жағында, яғни, ылғалды ауа қабаты айналымда болатын бөлмелерде көктем шыға келе зеңді байқаймыз. Бұл әсіресе, жиі буланатын ас бөлмесінде, моншада немесе ваннада көрініс табады. Зеңнің ең көп тараған түрі жеке тұрғын үйлерде. Өйткені, кейбір нысандарда ғана болмаса, көпшілік қызметтік нысандарда мұндай жағдай сирек кездеседі. Өйткені, зеңнің ең көп тарайтын жері ылғалдылықта.
Зең мұндай жағдайда тез көбейеді. Оның таратушысы зең. Су құбырларының айналасына тұнған зең де денсаулығыңызға қауіп төндіреді.
Денсаулығыңыз үшін күресіңіз. Бөлмені жиі желдетіп, құрғатып отырудың да маңызы зор. Өйткені, мұндай зеңдерден аллергиялық науқасқа шалдығуыңыз мүмкін. Немесе аллергиялық ауруларға бейім болсаңыз, үй ішіндегі зең бұл аурудың қоздырғышы болып табылады.
Қазіргі күні ағаштан жасалған терезені орнатқан үйді де сирек кездестіреміз. Осы пластик терезенің ауа алмасуы қиын болғандықтан, зеңнің көбеюіне ықпал етеді. Өйткені, терезе ылғалдылықты сақтайды, сыртқы ауаны қабылдамайды және үйдегі ылғалдылықты сыртқа шығармайды.
Айта кету керек, иісі жағымсыз, тіпті, ащы иістен қышынып, көзіңіз бен тыныс алу жолдарыңыз ашып, сырқатқа шалдығуы мүмкін. Мұндай жағдайда тамақтың ісінуі, көзіңіздің қызаруы, тыныс алу жолдарының бітелуі секілді аурулар қоса жүреді. Қыстың күні тұмаудың өршуіне де жағдай жасайды. Зеңнің көбеюі өте жылдам жүзеге асады. Сондықтан, одан тезірек құтылудың амалын қарастыңыз.
Құрылыс материалдарының сапалы болмауы, есік-терезенің дұрыс орналаспауы да зеңнің пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, күн көзі дұрыс түспейтін бөлмелерді де жиі желдетіп тұрмасаңыз, зеңнің пайда болуына жағдай жасап жатырсыз.
Зеңнің пайда болуы дұрыс желімделмеген түсқағаздардың арасында да көбеюі мүмкін. Егер зең жайылып кетсе, қабырғаға, мүмкін, бетонға, еденге де зақым келтіреді. Ол кез келген ылғалды жерде өсіп-өне береді. Нәтижесінде зең пайда болған жер ұлғая келе үйіңізді жарамсыз етуі де ықтимал.
Сондықтан, дер кезінде, зеңнің ошағы ұлғайып, жан-жағын зақымдамай тұрғанда күрсейік. Толықтай зеңнен тазарта алмасақ та, ары қарай тереңдеп кетпейтіндей етіп, өсу аймағын тоқтатуға болады.
Айнадай таза, ауасы тынысыңды кеңітетін үйде тұрғысы келмейтін адам жоқ. Сондықтан, егер зеңнің пайда бола бастағанын көзіңіз шалса, түрлі қарсы препараттарды қолдануды бастаңыз. Зеңге қарсы арнайы сұйықтықтардың түрлері көп. Қабырғадағы пайда болған зеңнің ары қарай жайылып кетпеуі үшін тоқтатуға болады. Бөлмелерді желдетіп, ақтаған да өз нәтижесін береді. Бұлай ету, материалдың табиғы түсін қайтарып, ауа айналымын реттеуге де үлес қосады.
Сонымен қатар, хлормен жуып, қатты щеткамен ысқылап, зеңнен тазартып алған соң, соңынан тағы бір рет мұқият жуып шығыңыз.
Содан соң барлық бөлмелерді жақсылып желдетіп, кептіріп алыңыз.
Зеңнен арылту барысында сақтық шараларын да ұмыт қалдырмағаныңыз жөн. Көзіңізге арнайы көзілдірік пен резеңке қолғап жеткілікті болады.
Г. Жұмаділдаева
ERNUR. KZ
05 маусым 2018 ж. 1 300 0