Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Озық ойлы маман

Озық ойлы маман

Бүгінгі күні Ұлттық экономиканың негізгі құрамдас бөлігі саналатын ауыл шаруашылығы саласының жеткен жетістіктері орасан. Жауапты салада ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген дала еңбеккерлерінің жұмысы нәтижесінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Бүгінде Сыр өңірінің аграрлық саладағы бәсі биік. Еліміздің барлық өңірінде жылдағы дәстүрге сай қараша айының үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні атаулы мереке ретінде атап өтілуде. Биылғы жылы да өңір диқандары мен шаруалары мерейлі мерекеге зор табыспен жетіп отыр.

Сырдария аудандық ауыл шаруа­шылығы және жер қатынастары бөлімінің білікті бас маманы – Бауыржан Мырзахметов аграрлы саланың дамуы жолында табысты еңбек етуде. Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы «Казсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалының «Сырдария­сушар» ӨУ гид­ротехник болып баста­ған кейіпкеріміз бүгінде ауыл шаруа­шылығы саласында халық игілігі үшін жасаған тындырымды жұмыстарының нәти­жесінде мол тәжірибе жинақтап, білікті маманға айналды. Ол өзіне тапсырылған кез келген жұмысты уақытылы әрі сапалы орындалуына өте жауап­ты қарайды. Парасаты мен пайы­мы жарасқан азамат аудандағы шаруашылық құрылымдарынан егі­летін дақылдардың жоспарын жи­нақ­тап, облыстың келісімімен бекі­­тіп, көктемде егіс және жер жұмыс­­­тарының көлемін қадағалау сынды жауапты қызметті атқарады. Бұдан бөлек ауданға қарасты шаруа қожалықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлесе маңызды әрі ауқым­ды жұмыстар атқаруда. 

– Бүгінгі таңда өздеріңізге белгілі ауданы­мыздың ауыл шар­уашылығы саласы қар­қынды дамып ке­леді. Бұл әрине дала диқандарының еселі еңбегі мен маңдай терінің жемісі. Бұған дәлел ретінде биылғы жылдың қо­ры­тын­­дысымен ауда­ны­мыздың ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша «Озат» атануын ерекше атап өтуге болады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруа­шылығы сала­сына әр­да­йым қол­дау көрсетіліп, баса назар аударып келеді. Мәселен Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру тапсырмасы аясында ауқымды «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Бұдан да бөлек ауыл шаруашылығы саласында маңызды жұмыстар атқа­ры­лып, жалғасын тауып келеді, – дейді Бауыржан Мырзахметов.

Аудан экономикасы мен әлеуетінің артуына елеулі үлесін қосып жүрген азамат адал еңбегінің лайық­ты баға­сын алып келеді. Атап айтқанда, аудан­ның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін аудан­ның 90 жылдық мерекелік медалі­мен марапатталған. Сонымен қоса ауыл шаруашылығы саласының өсіп-өркендеуіне үлес қосып, жас та болса ел игілігі жолында әр жылдары атқарған адал еңбегі үшін аудан, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапат­талған. Кейіпкеріміз білікті маман ғана емес, сондай-ақ отбасының тірегі, балаларына қамқор әке, арқасүйер азамат. Ол бүгінде аяулы жарымен 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, ата-анасына немере сүйгі­зіп отырған берекелі шаңырақтың қорғаны.

Жауапты салада абыройлы қызмет етіп келе жатқан азаматқа алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!

Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ
16 қараша 2024 ж. 121 0