Өңірде 3 инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары басталды

–Агроөнеркәсіптік кешен – қоғам үшін өмірлік маңызы бар өнімдер өндірілетін және орасан зор экономикалық әлеует шоғырланған кез келген ел экономикасының құрамдас бөлігі. Биыл өңірде 3 инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Тамшылатып суару әдісімен 800 гектарға жүгері, жаңбырлатып суару әдісімен 184 гектарға сүрлемдік жүгері мен жоңышқа егілді. Су шығынын азайту мақсатында егістік жерлерді лазерлік тегістеудің маңызы зор. Соңғы жылдары диқандар күріш егістіктерінің 55 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткізді. Нәтижесінде, суды үнемдей отырып, өнімділікті 30 пайызға арттырдық. Ауыл шаруашылығы саласының өндірісі аймағымыздың әлеуметтік экономикалық дамуында маңызы зор екенін ескере отырып, алдағы уақытта саладағы мақсат-міндеттерге қол жеткізу жолында қарқынды шаралар ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады, - деді Талғат Тұрсынұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі